Жаңақорған ауданы Кейден ауылдық округінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жөнінде ауылдық округі әкімі Б.Тоқтыбаев халық алдында есеп беруінде айтылды. Ауылдық округ бойынша 8 шаруа қожалық жұмыс істейді. Өткен жылы «Божбанбай», «Тайпақкөл» шаруа қожалықтары мал шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттен субсидия алды.