Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлік жөндейтін шеберхана ашты

«Еңбек» бағдарламасы арқылы грант ұтып алып, автокөліктерге қызмет көрсететін орын ашқан аралдық Руслан Ібадатов қазір жерлестеріне жақсы танымал.
Бұрын ауданда дөңгелек жөндеу шеберханасын көру қиынға соғатын. Көліктің «тілін» түсінетін жандар үйінің жанындағы гаражынан оны-мұнысын жөндеп беретіндіктен, көлік иелері де соларға баратын. Ал қазір қалада арнайы сервистік қызмет көрсету орталықтары ашылып, талапқа сай қызмет түрлерін көрсетуде.
Мемлекеттік грантты иеленіп, көп жылдардан бері ойында жүрген өзінің жаңа бизнес-идеясын іске асырып, көлік дөңгелегін жөндеу орнын ашып отырған Руслан Ібадатов:
– Талаптанып, қолынан келер іспен шұғылданғысы келетін адамға бүгінде Үкімет тарапынан қолдау көп. Оны өз ісімнің нәтижесінен көріп отырмын. Кішкене кезімнен машинаға қызығатын едім. Өз көлігімді өзім жөндей беретінмін. Қазір көліктен көп нәрсе жоқ. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Содан көліктердің дөңгелектерін жөндейтін орын ашсам деген ой келді. Халық үшін бұл қызмет түрі бірден-бір қажет деп есептеймін. Алдағы уақытта қызмет көрсету аясын кеңейтуді мақсат етудемін, – дейді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: