Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отбасы тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алынды

Отбасы тыныштығын бұзғаны үшін қамауға алындыСырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асанның хабарлауынша, азамат Г. үстіміздегі жылдың 4 мамырында сағат 10.00 шамасында Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Бейбітшілік көшесі № 9/2 тұрғын үйі ішінде, азаматтық некедегі бірге тұратын жұбайы Г-ға сыйламаушылық көрсеткен. Оған былапыт сөйлеп, жеке тұрғын үй шегінде жанұясының тыныштығын бұзған. Сөйтіп ол 2015 жылдың 16 сәуірінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдыртпау мақсатында өзіне шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Құқық бұзушы Г., сот отырысында  кінәсін толығымен мойындады. Құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы баппен 2 (екі) тәулік мерзімге  әкімшілік  қамауға  алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: