Биыл Қазалы ауданында жазғы маусымда 5 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжілісінде белгілі болды.
Қазалы қаласындағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында 6 ауысым ұйымдастырылып, әр ауысым бойынша 140 оқушыдан, барлығы 840 баланы демалдыру жоспарлануда. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 420 оқушыны аталмыш лагерде демалдыруға 5 млн 460 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, аудан бойынша 36 мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерлері ұйымдастырылып, оларда 2212 баланы демалмақ. Оқушылардың лагерде болған уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 млн 202 мың теңге бөлінді.
Ал мектеп жанындағы көркейту, көгалдандыру және құрылыс жасақтарына 4000 мыңға жуық оқушы, аула клубтары мен спорт алаңдарына 3000 мыңға жуық жасөспірім, облыстан тыс қалаларға саяхат жасауға 2000 мыңға жуық оқушы жіберілмек.