Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАНДЫДА 87 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

АРАНДЫДА 87 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫАранды ауылдық округі бойынша 5 кәсіпкер саудамен, 5 кәсіпкер жолаушы тасымалымен айналысады. 1 кәсіпкер өз қаражаты есебінен «Нан өнімдері цехын» ашып, халыққа қызмет көрсетуде. 
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 24 адам тұрақты жұмыс жасайды. Округте өткен жылы барлығы 87 жаңа жұмыс орны ашылды. 2015 жылы 2 шаруа қожалығы ашылып, 4 адамды жұмыспен қамтамасыз етсе, 1 кәсіпкер «Экодаму» бағдарламасымен құс шаруашылығын ашты.
«Парасат» Селолық тұтыну кооперативі БҰҰ-ның грантын жеңіп алған кәсіпкер «Шебер» тігін шеберханасын ашты. 1 кәсіпкер округтің көше шамдарына техникалық күтім жасау мақсатында жеке кәсібін ашып, жұмыс жүргізуде.
Жаңа оқу жылында Аранды ауылында жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Сонымен қатар, №97 мектеп базасынан 20 орындық шағын орталық ашылып, 9 адам жұмыспен қамтылды. 
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Қожабақы ауылдық мәдениет Үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Материалдық техникалық жарақтандыру бағдарламасы бойынша 150 орындық пен сахналық перде алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: