Биыл Жаңақорған ауданында қуаттылығы 10 мегаваттты құрайтын күн электр станциясы пайдалануға беріледі. Ал, 2022 жылы Арал ауданында қуаттылығы 20 мегаватты күн электр станциясын салу жоспарлануда.
- Жалпы мақсатымыз аймағымыздағы күн сәулесі мен желді тиімді пайдалану. Бұл «жасыл экономикаға» көшуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығындағы 100-ден астам шаруа қожалық қуаттылығы 2 киловаттан асатын күн сәулесімен жұмыс істейтін кіші электр станцияларын тұрақты пайдалануда , - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Бүгінде Шиелі және Жалағаш ауданындағы күн электр станцияларымен өндірілген электрэнергиясы бірыңғай энергетикалық жүйеге берілуде.