Ауыл кәсіпкері заманауи мал бордақылау алаңын салды
Арал ауданының Сексеуіл кентінің тұрғыны Кеңесхан Исматуллаев "Жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы аясында өткен жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы мал бордақылау мақсатында 3 миллион теңге қаржы алды. Соның нәтижесінде жұмысын жандандырған кәсіпкер заманауи үлгіде мал сою және мал бордақылау алаңын тұрғызды.
Кенттің шет аймағында орналасқан нысан ішін іскер жан уақытпен үндестіре жабдықтаған. Кәсіпкер өз сөзінде:
- Жасыратыны жоқ, кенттегі тұрғындардың көпшілігі сойған малдарын үйлерінде союды әдет қылған. Бұл санитарлық ережелердің бұзылуына әкеліп соқтыруда. Сондықтан, осындай кемшіліктерді болдырмау үшін малдарды адал әрі талапқа сай союды жолға қойдық. Арық малдарды да бағуда ұстап, бордақылау жүргіземіз. Жұмыстың нәтижесі бар, - деді.
Расында, Үкімет қамқорлығына сүйене отырып, тың бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Кенттегі әлеуметтің әлеуетін көтеретін игілікті жұмыстардың көптеп көрініс тапқанынан жақсылықтың нышаны байқалады.