Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шағын гранттар байқауы жарияланды

Жоғалған адамдарды іздеу, апат тәуекелдерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жобаларды іске асыруға шағын гранттар байқауы жарияланды.
Байқауға қатысуға жеке тұлғалардың, бастамашыл топтардың және үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдері қабылданады.
Волонтерлік бастамаларды қолдауға 500 000 теңгеден 30 грант келесі бағыттар бойынша берілетін болады:
- ТЖ саласындағы жобалар;
- Адамдарды іздеу бойынша жобалар;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін төмендету бойынша жобалар және т.б. бағыттар.

Байқау туралы Толығырақ ережедe: https://tinyurl.com/KZOVOLUmit
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: