Жаңақорған ауданы орталығындағы «Арман» кенттік мәдениет үйіндегі кинозал көрермен қауымға есігін айқара ашты.
«Арман» бұрынғы жылдарда жергілікті тұрғындарға түрлі мәдениеттік шаралар өткізетін және кино көрсететін орын есебінде жақсы танымал болатын.
Дегенмен, беріде мұндай жұмыстар елдің көзінен таса қалды.
"Ендігі кезекте онда орналасқан кинозал көрерменмен қайта қауышты. Жиырма төрт жасар жаңақорғандық Әділет Байдалиев тәуелсіздік алған тұста тоқырауға ұшыраған киноөндірісті қайта қолға алды. Жеке қаржысына кинозалды экран мен жарықтандыру және салқындатқыш құрылғысымен қайта жабдықтады. Сыйымдылығы 170 орынға арналған кинотеатрды келешекте 3D форматындағы заманауи технологиялармен жабдықтау жоспарында бар екенін жеткізді кәсіпкер" деп хабарлайды жергілікті журналист Әбдіш Әбдісамат.