Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОСШЫҢЫРАУДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

ҚОСШЫҢЫРАУДА ЖАҢА АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫҚосшыңырау ауылдық округінің мәдениет үйінде әкімдердің есеп беру шарасы өтті. Онда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, округ әкімі Бауыржан Арысбаев, учаскелік полиция инспекторы Руслан Байзақов жергілікті тұрғындармен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар барысын таразылады.
Былтыр аталған ауылда біршама игі істер атқарылды. Солардың бірі – 1989 жылы салынған ескі амбулаторияның орнына республикалық бюджеттен 88 млн. теңге бөлініп, жаңа селолық амбулатория пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, «Құлан», «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Арайлым» шаруа қожалығы 17, «Ару ана» қожалығы 20 млн. теңге несие алған. Олар бүгінде жылқы малының басын көбейтіп, халықты қымызбен және етпен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі кезде округте егін шаруашылығы да жолға қойылған. Аталған саламен айналысатын 7 шаруа қожалық ауылдың 45 тұрғынына еңбек етуге мүмкіндік беріп, жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне біршама ықпал етуде.
Қала орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан бұл ауылға №26 қоғамдық көлік халықтың өтінішіне байланысты күніне 13 рет қатынауда. Ал, үстіміздегі жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ауылдағы Аманкелді көшесі жарықтандырылады. Кездесу соңында тұрғындар қала және кент әкімдеріне  әлі де шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған тұшымды жауап алды.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: