Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігінде азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді.
7 қаңтар күні Қызылорда қаласы, сол жағалау (№17 тұрғын үйдің жанында) бөлігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Бұл тауарлар "Байқоңыр" ӘКК" АҚ және оның серіктестіктерінің ұйымдастыруымен өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған.