Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер көрсетіледі

Қызылордада екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер көрсетіледіҚызылордадағы қарттар үйі мен мүгедектер үйінде, сондай-ақ орта мектептерде Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер көрсету жоспарлануда. 
«Кино 4 айдан кейін мереке қарсаңында ең алдымен қарттар үйінің тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін назарларына ұсынылатын болады. Ал мектеп оқушылары жауды жеңген бабаларының өшпес ерлігі мен ұлылығын осы фильмдер арқылы сезінуі керек», - дейді облыстық мәдениет басқармасының қызметкері Қарлығаш Жүсіпова. 
Облыстық мәдениет басқармасының ақпаратына сәйкес, «Сталинград», «Белый тигр», «В августе 44-го», «За нами Москва», «В день Победы», «Снайперы», «Алия», «Маншук», «В июне 41-го», «Сказ о матери», «Парад Победы», «Снайперы», «Бауыржан Момышулы» сынды тағы басқа фильмдер қарттар үйі мен мектеп залдарында тегін көрсетіледі.
 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: