ЕЛІМІЗДЕ ҚҰРЫЛҒАН КООПЕРАТИВТІҢ БЕСТЕН БІРІ ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ
Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооператив құру жұмысы жүріп жатыр. Еліміз бойынша осы уақытқа дейін жаңа жүйе бойынша 448 кооператив құрылған. Соның 94-і Қызылорда облысына тиесілі.
Жалпы, облысымызда осындай 104 ұйым құру көзделген. Қазір 10 кооперативтің құжаттары рәсімделу үстінде. Ауылшаруашылық құрылымдарының кооперативтерге бірігуінің мақсаты экономикалық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру және өз мүдделерін қорғау болып табылады.
Аймағымызда құрылған кооперативтердің ішінде 17-і мал шаруашылығына, 31-і егіншілік саласына, 32-і кооператив өңдеу және 1-і кооператив тек су шаруашылығында жұмыс атқаруға бағытталса, 13 кооператив көпсалалы - егін, мал, балық шаруашылықтарымен қатар өңдеу саласына өз жұмысын бағыттап отыр.