Ағымдағы жылдың ақпан айының 23-27 күндері аралығында облыс көлемінде көлік жолдарындағы тәртіпті күшейту, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғалараның артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын өткізу жоспарланған болатын. Аталған іс-шараға әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері, әкімшілік полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды.
Жүргізілген рейдтік жұмыстардың бірінші күнінде көлік жүргізушілерімен орын алған 467 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның 9-ы – көлік құралын мас күйінде басқару дерегі бойынша, 73-і – көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша, 95-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша, 16-ы – қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқару дерегі бойынша, 16-ы - құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқару дерегі бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Аталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар көріліп, 16 жүргізушінің көлік құралы айыппұл алаңына қойылған.