Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлерді «Алтын сапаны» бағалау өлшеміне қатысты оқытты

Кәсіпкерлерді «Алтын сапаны» бағалау өлшеміне қатысты оқытты Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында аймақ кәсіпкерлерінің қатысуымен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын бағалау өлшеміне қатысты оқыту семинары өтті.  
Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабаралуынша, «Алтын сапа» – бұл халыққа қалтқысыз қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін берілетін сыйлық. 
Биылғы жылдан бастап «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып, өткізетін болады.  
Семинарды өткізудегі мақсат – сыйлық пен байқауға қатысуға үміткерлерге ереже-талаптарымен таныстырып, кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету. 
Оқыту семинарын «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысушылардың құжаттарын қарап, бағалауда мол тәжірибесі бар үздік сарапшы-аудиторлар: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова мен «НаЦЭкС» АҚ-ның сарапшысы Ольга Ленева өткізді. 
 Жоғарыда аталған шараларға қатысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова: «Астана экономкалық Форумының қорытынды есебіне сәйкес біз 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ендік. Бәсекеге қабілеттілік – бұл бірінші кезекте халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға әсер ететін бірден бір фактор болып табылады. Қазір біз аталмыш шараларға қатысты тұжырымдамалар әзірледік. Осы талаптарға сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы  өткізілетін болады», - деді.
Семинарға өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты. Шара қорытындысымен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. 
Айта кету керек, «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы қатысуға үміткерлер өтінімдерін 2015 жылғы 1 шілдеге дейін zh.skakova@palata.kz электронды мекен-жайына жолдай алады.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: