Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүк көлігімен соқтығысқан жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды

Жүк көлігімен соқтығысқан жүргізушіге әкімшілік айыппұл салындыАрал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Н. 9 ақпан 2015 жылы  «Самара-Шымкент» трассасында «Hyundai Solaris» автокөлігін басқарып келе жатып айналма жолда жол  қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзып, «MAN 24,332» автокөлігімен соқтығысқан, оның нәтижесінде жолаушы Н. жеңіл дене жарақатын алып, көлік құралы бұзылып жәбірленуші К.-ге материалдық шығын келтірілген.     
"Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 29730 теңге айыппұл салынып, бір жылға көлік құралын басқару құқынан айырылды" деп хабарлайды Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: