Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

 

Қазалы ауданында медиация кабинеті ашылды. Қазалыдағы медиация кабинеті бизнес орталығының ғимаратында жұмыс істейтін болады. 
Кабинеттің ашылу рәсіміне қатысқан аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев бітімгершілік шараларын қолдану салаларың кеңейту мәселесінің маңыздылығына тоқталып, мұнда екі жақты даулы мәселелер сотқа дейін шешімін табады деді. 
Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қаржаубаев медиаторға жаңа жұмыста сәттілік тіледі. Медиация кабинетінің жұмысын ұйымдастыру Қазалы ауданы бойынша Нұрманов Болат Пірназарұлына жүктелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: