Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДА ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

 

2017 жылғы 09 наурызда А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінде қала әкімінің орынбасары Асылбек Өмірбекұлы Шәменовтың төрағалығымен қалаішілік қоғамдық көлік қатынастарын ұйымдастыру туралы жиын өтті. 
Жиын барысында қоғамдық көліктердегі қалта ұрлықтары, қоғамдық көлік қатынасындағы кемшіліктер мен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша қалаішілік 25 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 6 бағытта барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде. Оның ішінде үлкен сыйымдылықтағы – 182, орта сиымдылықтағы – 300 және кіші сиымдылықтағы - 388 қоғамдық көліктерді құрайды. 
Сол секілді, Саламатов көшесі бойынан жаңадан салынған диспетчерлік бекет құрылысы толық аяқталып жұмыс жасауда. 
Жыл сайын қала аумағы кеңейіп, «Арай-2», «СПМК-70» секілді жаңа мөлтек аудандар ашылуда, осыған байланысты осы аудандарға қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру бағытында да жол сызбалары әзірленіп, №13, 5 бағыттағы қоғамдық көліктер бекітілді.
Жасалған шараларға қарамастан, қаладағы қоғамдық көлік қатынасына жолаушылар тарапынан сын-ескертпелер мен орын алған оқыс оқиғалар толастар емес. Осыған байланысты, қала әкімінің орынбасары А. Шәменов қоғамдық көлік қатынасына байланысты бірнеше сын-ескертпелерді тізбектей отырып, кемшіліктерді қалыпқа келтіруге 3 күн мерзім берді.
Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия аталған сын-ескертпелердің қалпына келу жағдайы бойынша 11 наурыздан бастап қоғамдық көліктерге арнайы рейд жүргізетін болады.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНДА ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: