Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА АЗ ЫЛҒАЛ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ДАҚЫЛДАР ӨСІРІЛІМЕК

ҚАЗАЛЫДА АЗ ЫЛҒАЛ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ДАҚЫЛДАР ӨСІРІЛІМЕКБіріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күріш егін айналымында «жасыл технологиялар» арқылы аз ылғал қажет ететін, жемдік дән, майлы және мал азығы дақылдарын өсіру» тақырыбында іскерлік семинары өтті. 
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары С.Бабанаев төрағалық еткен семинарда БҰҰ Даму Бағдарламасының шөлді экожүйені сақтау жобасы аясында атқарылған шаралар, Қазалы ауданында ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға арналған серпінді жобаларының нәтижелері туралы мәселелер талқыланды. Арал, Қазалы аудандарындағы шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. 
Сонымен қатар, жоба аясында «Жалаңтөс батыр» ЖШС Шалабай танабында аз ылғал қажет ететін дақылдарды өсірудің жаңа әдістерін көрсету мақсатында «Дала күнін» өткізді. Фермерлер мал азығы дақылдарының өнімділігін 2 есеге дейін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа технологиямен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: