Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мобилді бекетте көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды

Қызылорда облысында мобилді бекеттен өтпек болған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды.


“Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қызылордалық полицейлер 16 шілде күні сағат 21:00 шамасында қала аумағындағы мобилді бекетте Түркістан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай бағыт алған Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық марихуана есірткі заты анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Қазіргі уақытта  ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осы жылдың алты айында Қызылорда облысы көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың 96 дерегі анықталды, оның ішінде 19-ы есірткі сату, алты есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, екі есірткі жарнамалау, 19 есірткі өсіру, 50 теріс қылық, заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі заты тәркіленсе, оның ішінде 479 грамы синтетикалық есірткі.


Сурет: Polisia.kz

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: