Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жоғалған қызды «Рэм» тапты

Жоғалған қызды «Рэм» таптыҚызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2015 жылдың 4 ай көлемінде кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 36 қызметтік-іздестіру иттері бар. 2015 жылдың 4 ай көлемінде қызметтік-іздестіру иттерді пайдалана отырып, 26 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлікті  ұрлау қылмысы бойынша – 21 дерек, тонау, қарақшылық, кісі өлімі фактісі бойынша – бір-бір деректен анықталған.
Заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 19 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 1917,92 гр. марихуана есірткі заты алынған.
Сондай-ақ, қызметтік-іздестіру иттерінің ізкесушілік қасиеті де бар. Мәселен, 2015 жылдың 5 мамырында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Жедел жоспарлау орталығының кезекші бөліміне 12 жасар жасөспірім қыздың жоғалып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі.  
Аталған хабарлама негізінде тез арада Қызылорда ОІІД басшылығымен жедел-іздестіру тобы құрылып, құрамына Кинология орталығының теңгеріміндегі қызметтік-іздестіру иттері енгізілген. «Рэм» қызметтік із кесуші иті жасөспірім қыздың жеке заттарындағы иісін алып, өзінің егесі  полицей-кинолог полиция старшинасы Тажбенов Қаршығаны келесі көшедегі үйге алып келген. Сол үйдің ауласында орналасқан қосалқы үй-жайдан жоғалып кеткен қыз табылған. 
Айта кетерлік жағдай, «Рэм» орыс спаниель тұқымдас иті Қызылорда ОІІД-де одролог есебінде қызмет атқарады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: