Үндістанда 2 жасар садақшы қыз рекорд орнатты (ВИДЕО)
Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатындағы Виджьявада қаласының екі жасар тұрғыны Долли Шивани Черукури Үндістанның ең жас мергені болып анықталды.
Садақ атудан өткен жарыста 2 жасар қыз алдымен 5 метрлік қашықтықтан 36 рет, кейін тағы 7 метр жерден оқ атып, нысанаға дөп тиген.
Ол жалпы саны бойынша 388 ұпай жинап, рекорд жаңартты, деп жазады BBC. Сондай-ақ кішкентай қыздың бұл өнері Үндістандағы Рекордтар кітабына енді.