Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Елуге жуық адам жұмыссыз қалды (ВИДЕО)

Елуге жуық адам жұмыссыз қалды (ВИДЕО)Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір мезетте елуге жуық адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды 31.kz. Бәрі де еріксіз түрде жалақысыз демалысқа жіберілген. Бірақ ең сорақысы бұл емес. Олар бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүр.
Жұмыссыз және жалақысыз қалғандар «Жаңақорған тазалығы» мекемесінің қызметкерлері. Бірнеше жылдан бері  күл-қоқыс жинап, көше сыпырып, адал еңбек еттік дейді. Ауылдың абаттануына айрықша үлес қосқандар, енді қызметтеріне сұраныстың болмай қалғанын айтады.
Августтен бері айлық алған жоқпыз. Жұмыс істетіп-істетіп әкімгершілік айлығымызды бермей жатыр біздің. Безсодержаниеге жіберді. Жұмыссыз жүрміз.
Бала-шаға асырау оңай емес. Қиын түсіп тұр кәзір. Айлық жоқ. Кредитіміз бар төлейтін. Оны да төлемей жатырмыз.
Жұмысшылар бүгінде кімге барып базынасын айтарын білмейді. Мекеме басшысында кінә жоқ дейді олар. Бар мәселе негізгі тапсырыс беруші  шенеуніктерде көрінеді. Әкім-қарарлар болса, мекеме бәсекелестік ортаға қабілетті емес деп шешіпті. Сәйкесінше олардың жұмыстарын қазір тендерден жеңген басқа кәсіпкер атқарып жатыр. Ал жалақы мәселесін жұмыс берушінің өзі шешуі тиіс.
ЕСДӘУЛЕТ СЕЙІЛОВ, Жаңақорған ауылының әкімі:
Олардың бүгінгі таңда айлық алмадық дегенін енді басшысы шешуі тиіс қой. Бізден кенттің орталығынан өзі абаттандыруға бөлінген ақшаға смета жасалынады. Сол жұмыстар толық аяқталған кезде ақша бөліп-бөліп, кезең кезеңімен аударылып беріледі.
Жалақысыз қалғандарды әкімшілік жұмыс берушіге, жұмыс беруші әкімшілікке сілтеп отыр. Нәтижесінде қарапайым халық жапа шегуде. Егер іс осылай созыла берсе, сотқа шағымданамыз дейді жаңақорғандықтар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: