Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МАЛ ҰРЛЫҒЫН КӘСІП ЕТКЕН ҰРЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

МАЛ ҰРЛЫҒЫН КӘСІП ЕТКЕН ҰРЫЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен әккі ұрылар қолға түсті.
Мобильдік топтың жүргізген рейдтік іс-шаралары барысында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ құрықталды.   
Шиелі АІІб жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл мен  Қарғалы ауылдарының аралығындағы жолда 1 бас жылқы  малын  тиеп  бара жатқан ВАЗ-2106 маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында аталған жылқы малы ұрланғандығын және ол Бидайкөл ауылының 1969 жылы туылған тұрғынына тиесілі екендігін анықтайды. Оқиға орнынан ұрлық қылмысына күдікті ретінде 21, 39, 41 жастағы үш ауыл тұрғыны ұсталды. Бұл азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап егістік алқаптан 11 бас жылқы малын қолды еткендері белгілі болды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Аудан көлеміндегі мал ұрлығы қылмыстарының ашылуында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғары шеберлік пен қырағылық танытқан, 
Дәл осындай дерек Жалағаш ауданында да орын алған. Жалағаш кентінің тұрғыны өрісте жайылып жүрген 1 бас жылқысының қолды болғандығы жайлы полиция бөлімшесіне шағымданады. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласы «Сегіз жүз бас» елдімекенінің 33 жасар тұрғынын құрықтады. Тергеп-тексеру жұмыстары барысында  сезікті  азаматтың қатысуымен бұдан бөлек 8 мал ұрлығы қылмысы орын алғандығы белгілі болды.   Қазіргі таңда орын алған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: