"Қазгидромет" РМК 26-28 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Елімізге солтүстіктен ойысып келген арктикалық циклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соғады. Сынап бағаны 35-42 градусқа дейін нөлден төмендейді. Аяз күшейе отырып, елдің басым бөлігіне ойысады. Тек республикамыздың батыс аймақтарына 27 желтоқсаннан бастап жылы мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты түседі (көбіне қар), күшейіп, жел соғып, ауа температурасы біршама уақытқа дейін ғана көтеріледі - күндіз 0-5 градус аяз болса, кей жерде 0-5 градус жылы болады деп күтіледі.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, батыс және оңтүстікте көктайғақ болады деп күтіледі.