Өткен тәулікте 4 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды
Өткен тәулікте Қызылорда облысында 4 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталған. Науқастардың барлығы Қызылорда қаласының тұрғыны.
Соңғы тәулікте 15 азамат індеттен айығып шықты. Оның 12-і Қызылорда қаласының, 1-уі Арал, 1-уі Жалағаш ауданының азаматы. Осы кезге дейін 3 848 науқас індеттен жазылып шыққан.
24 сағатта зертханаға 1 071 сынама тапсырылды. Оның 690-ы тексерілген, 381-і бойынша жұмыс жасалуда. 242 044 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 30 науқас ем алуда. Ал, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас ем қабылдап жатыр.