Сыр мектептері заманға сай болуы үшін не істелуі қажет?
Осы сұраққа облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев өзінің «Мазмұнды жаңарту жағдайындағы білім беру ортасының трансформациясы» республикалық семинар-кеңесінде сөйлейтін сөзінде жауап берді.
«Біріншіден, мектепте сапасы жоғары және қазіргі уақытта қолданбалы білім берілуі тиіс. Ең үздік және артта қалған оқушылар арасындағы айырмашылықты мейлінше қысқарту керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Екіншіден, мектептің мақсаты баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы шарт.
Үшіншіден, мектептегі мұғалімнің білгін ұдайы көтеру және олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты назарда болуы тиіс.
«Төртіншіден, мектептер еліміз бен дүниеде болып жатқан әлеуметтік жаңалықтарға ашық болуы қажет», дейді өңір басшысы.