Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«SARAPTIME» САРАПШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«SARAPTIME» САРАПШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

17 наурыз күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінде заң ғылымдарының кандидаты, «ҚР Заң институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғабдуалиевтің қатысуымен «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. 
Онда билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта реформалау аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа түзетулер талқыланды. 
Сарапшылар отырысының спикері заңнамадағы өзгерістер мен оның қазақстандықтар үшін тиімді тұстарын атап өтті.
- Мысалы өткен жылдан бастап ауыл әкімі сайлауға түсті, бірақ таңдау жанама түрде өткізілді. Яғни ауылдың әкімі болу үшін, ауданның әкімімен «дос болу» керек болды. Өз-өзімен болған жоқ,- деді Мереке Ғабдуалиев. 
Сонымен қатар еліміздің негізгі заңына адам құқықтары бойынша уәкілетті институт, әкімшілік әділет институты, прокуратура қызметінің жаңа заңы және өзге де өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі нығайтады, - деп санайды сарапшы.
- Заң ел игілігіне бағытталып жасалғанымен, бірақ кейбір заңнамалық актілер, ережелер бюрократия немесе өзге де келеңсіз жағдайлар туғызатын. Енді соларды қайта қарауға мүмкіндік туады, -деді М.Ғабдуалиев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: