Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Пробация қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Катаев Дамир Меделбайұлының төрағалығымен, облыс прокуратурасы, Қызылорда қалалық прокуратурасы, Жергілікті полиция қызметі басқармасы және Қызылорда қалалық пробация қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиынның мақсаты – Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегілер, түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар және әкімшілік қадағалау белгіленгендерге Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанында «Қылмыстық, қылмыстық-процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты және қайталап қылмыс жасау жағдайы бойынша түсіндірме жүргізу. Шараға қалалық пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандардың 130-ы қатысып, сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптары берілді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров пен Қызылорда облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Б.Ибраев, Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіндегілер, түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар және әкімшілік қадағалаудағылар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, Қызылорда облысының прокурорының орынбасары Д.М.Катаев, сотты болған азаматтарды әлеуметтік көмек алып, сотпен белгіленген жазасын өтеуде заңдылықты сақтауға шақырды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау тобы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: