Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Білімді ел- мәңгі ел» тақырыбында кезекті білім саласы қызметкерлерінің тамыз мәслихаты болып өтті. 

Өткен оқу жылына есеп беріп, жаңа оқу жылындағы міндеттерді айқындайтын маңызды жиынға аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық жасады. Жиынға аудан әкімдігі өкілдері, облыстық оқу орталығының директоры Асқаров Сырым Құрманғазыұлы, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, білім беру ұйымдары басшылары, балабақша меңгерушілері, ардагерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері, педагогтар қатысты. 
Алғаш болып аудандық білім бөлімінің басшысы Ибрагимов Болат Мақсұтұлы баяндама жасап, оқушының білім деңгейін саралайтын, ұстаздың біліктілігі сынға түсетін ұлттық бірыңғай тестілеу жайына тоқталды. Биыл Жаңақорған ауданы ҰБТ көрсеткіші бойынша облыста 83,3 баллдық көрсеткішпен үздік екінші орынды, «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша алғашқы орында тұрғанын атап өтті. 
Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бүгінгі жағдайымен таныстырды. Жиын соңында алдыңғы қатарлы педагогтар мен білім беру ұжымдары марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: