Шиелі ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылуда.
Аталған акцияға орай аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 30 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.
Акция жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып келеді. Осының нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы және тағы басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балалардың мектепке баруы қамтамасыз етіліп отыр.