Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы шаруалары 300-ден астам жылқы алды

Қазалы шаруалары 300-ден астам жылқы алдыҚазалы ауданында мал шаруашылығын дамытудың басымдыққа ие бағытының бірі – «Құлан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді.  
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Назымбековтің айтуынша, биылғы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазалы несие» КС арқылы 12 шаруа қожалығы 306 бас аналық бие, 51 бас асыл тұқымды айғыр сатып алған.
Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуға сәйкес, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар негізінде жұмыс жасауын ұйымдастыру мән берілмек. Елдегі ағайынның қолындағы мал басын көбейтуді қамтамасыз ету мақсатында «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламаларында белгіленген көрсеткіштерді орындауды жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: