Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫРДЫҢ ӘРІ, ЖЫРДЫҢ НӘРІ – ТАСБӨГЕТ


Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 23 жұлдызында Тасбөгеттегі Орталық алаңда әр жылымызды жарқын етіп, мерейімізді үстем қылып тұрған Тәуелсіздігіміз бен ел бастаған Елбасының сарабдал саясатының арқасында киелі өлке Сыр елінің іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде бүгін тарихи сәт.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Президиумы 1948 жылы арнайы қарар қабылдап, Плотина салынып жатқан «Қызылордаплотинастрой» қыстағынан қала типтес жұмысшы поселкесін салуды, оны Қызылорда қалалық кеңесінің бағынысына беріп, поселкені «Тасбөгет» деп атауды ұсынған болатын.
Сырдария өзенінен салынған су тоспасы басты себеп болған, ұлы дариядан нәр алған, жарты ғасырдан астам тарихы бар Тасбөгет кентіне биыл 70 жыл! Шара басында КСРО мәдени ағарту ісінің үздігі, ҚР мәдениет қайраткері Т. Бекарыстановтың сөзіне жазылған, Қазақстан Республикасының, оның ішіне Сыр өңіріне еңбегі сіңген компазитор Қазақстан Республикасы «мәдениет саласының үздігі», Сыр Елінің талантты композиторы Сәбит Ұлықпанның әні «Тасбөгет –киелі мекен» атты жаңа әні орындалды.
Салтанатты мерекелік шараны Қызылорда қаласының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы ашып, мерекелік құттықтау үшін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы, облыстық маслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттыхожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы құттықтау сөз сөйледі.
Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Тасбөгет кентінің 70 жылдығы мерейтойлық мерекелерінің құрметіне орай азаматтарды марапаттау және «Тасбөгет кентіне 70 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Мерекелік кешке Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары
«Азия» тобы, Ернар Айдар, Жанболат пен Жазира, Мұхтар Ханзада және Қызылорда қаласының танымал әншілері өнер көрсетті. Шара соңы мерекелік отшашуға ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: