БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Рейд барысында ескі базар маңы аумағында орналасқан Мирас сауда орындары және әлеуметтік дүкендер қамтылды.
Қала аумағындағы Азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік сатумен айналысатын 9 ірі сауда субъектілерімен қала әкімдігі арасында азық түлік өнімдерін 15-20 пайыз төмендету мақсатында жасалынған меморандумға сәйкес, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімімен азық түлік өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
«Байқоңыр» ӘКК АҚ-ның мекемесі арқылы өңірлік тұрақтандыру қорымен алынған азық-түлік өнімдерін қаладағы 14 дана «Дәмді» әлеуметтік дүкендері арқылы базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада сатылу қарастырылған.