Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қалалық мониторингтік топ санитарлық нормаларды сақтамаған 25 заң бұзушылық анықтады

Қауіпті індеттің екінші толқынының алдын алу үшін жергілікті билік тұрғындарға карантин талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Алайда сақтыққа немқұрайлық танытып, ескертуді елемейтін тұрғындар қатары азаймай келеді.

Мәселен, қалалық мониторингтік топтың қатысуымен жүргізілген рейд шараларында екі күннің ішінде санитарлық нормаларды сақтамаған 25 заң бұзушылық анықталған. Оның 19-ы той жасау фактісі болса, 6 кәсіпкерлік субьектісінен анықталды. 
Жалпы карантин кезінде төтеннен келген кеселге немқұрайлы қарап, санитарлық талаптарды ескермеген 134 қала тұрғынына қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: