Қызылорда қаласында жұмыссыз азаматтардың ішінен бағдарламаға қатысушы 675 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқумен білім алуда.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша 1 мың 774 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 54 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 131 адам жолданып, 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесі арқылы 280 мекемеге 383 жас маман жолданып, 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.