Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Кесіп тастады": Алматыда "Яндекс" такси жүргізушісі жолашуға шабуыл жасаған

Алматылық әйел өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағаны туралы айтты. Яндекс такси жүргізушісінің әрекеті жұртты шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл оқиғаға қатысты жазба Facebook парақшасында кең таралып кетті.  Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, такси жүргізушісі оны баратын жеріне жеткізуден бас тартып, пышақпен қолын тіліп тастаған. 
Бойжеткен оқиғаның үш апта бұрын болғанын, бірақ жүргізушісі әлі ұсталмағанын жазады.
"Мен сіздерге бұл адамның қоғамға қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өзінің кінәсін мойындамады және полиция бөліміне шақырту бойынша келмеген. Ол әлі қамауға алынған жоқ. Қатты қорқып кеткендіктен, мен оған ақшаны тезірек төлеп, құтылғанша асықтым. Жүргізуші мені белгіленген жерге дейін апармады. Оған қоса ашуланып, маған қол көтеріп, қолымды кесіп тастады", - дейді ол. 
"Өкінішке орай, өазір қолымнан ештеңе келмей отыр және не істеу керектігін білмеймін. Сол себепті қоғамға қауіпті адамның түрін көрсеткім келеді" - деп жазды Құралай.
Такси қызметтерінің құқығын қорғау басқармасы мән-жайды түсіндірді.
"Қазір жүргізуші жүйесі бұғатталды. Бірақ ол тұтынушыны көрсетілген мекен -жай бойынша апарып тастағаны нақтыланды. Жолаушының айтуынша ешқандай қару болмаған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы керек", - дейді олар. 
Алматы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 
"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: