Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мас жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Мас жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алындыӘкімшілік құқық бұзушы А. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ. Дегенмен ол Шиелі кенті, Бөгенбай көшесінің бойында өзінің басқаруындағы «Opel Vectra» үлгісіндегі автокөлігін спирттік ішімдік ішкен мас күйінде басқарып келе жатады. 
 М.Шоқай көшесінің бойымен яғни басты жолда келе жатқан «Audi 80» үлгісіндегі автокөлігіне жол бермей соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Осылайша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Сот, әкімшілік құқық бұзушы А-ты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің  608-бабының 6-бөлігімен кінәлі  деп танып, оны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.
Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен әкімшілік құқық бұзушы А.-қа қатысты сот қаулысы заңды күшінде қалдырылды.   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: