Қазіргі таңда әлемді жайлаған пандемия барлық аймақтарға әсерін тигізетіні рас. Дағдарыс кезеңінде бұрынғыдай даму қарқынын сақтап қалу мүмкін болмаса да, аймағымызда айтарлықтай ілгерілеу бар. Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму саласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 478,4 млрд. теңгені, ал өңдеу өнеркәсібінің көлемі 109,6 млрд.теңгені құрады.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2021 жылы құны 45,2 млрд.теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 456 адамды жұмыспен қамтитын 4 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны өндіретін және өңдейтін зауыты» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба құны-42,1 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна өнім. Жоба іске қосылғаннан кейін 226 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Одан бөлек, «Ас тұзын өндіретін үшінші испандық цехы» жобасы («Арал тұз» АҚ). Жоба құны-2,9 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына 180 мың тонна тұз өнімдері. Жоба аясында 198 жаңа жұмыс орын құрылатын болады.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында («Қуат керамзит» ЖШС керамзит және керамзит блоктарын өндіру жобасын жүзеге асыруда. Жоба құны-130 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 3 млн. дана өнім. Жоба іске қосылғаннан кейін 25 жаңа жұмыс орны ашылады.
«Ақжарма-1» ФШ «Жылына 630 тонна күріш өңдейтін шеберхана салу» жобасын жүзеге асыруда. Жоба құны-82 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 630 тонна өнім. Жоба аясында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан бері өндірілген жалпы өнім көлемі 52,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы алғанда, 2021 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 188,1 мың га егілді. Оның ішінде, дәнді дақылдар – 96,6 мың га, оның ішінде күріш – 83,6 мың га, майлы дақылдар-6,7 мың га, көкөніс – бақша дақылдары мен картоп – 18,3 мың га, жемшөп дақылдары - 66,4 мың га құрады.
Өңіріміздегі шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыс жасап тұрған субъектілердің саны 50551 бірлік, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 108,4 пайыз құрады.
"Бизнестің жол картасы-2025" бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегіне жалпы құны 20,6 млрд. теңге 1908 жоба мақұлданды.
Аймағымыздың дамуына тартылған инвестиция көлемі 158,1 млрд.теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 48,3 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 102,7% құрады. 443,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі - 4,9% құрады.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларындағы орташа айлық жалақы 208,0 мың теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 117,3% құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2021 жылдың тамыз айында 2020 жылдың желтоқсан айына қарағанда 105,5 пайызды құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына баға индексі – 107,5%, азық – түлік емес тауарларға – 105,2%, ақылы қызметтерге-103,1%.
Облыстың әлеуметтік саласына 239,5 млрд.теңге қаралды, оның ішінде білім беру саласына 184,0 млрд. теңге және денсаулық сақтау саласына 11,6 млрд. теңге бөлінді.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту көрсеткіші 1-6 жастағы балалар арасында 85,5%, 3-6 жастағы балалар үшін 100% құрады. Осы ретте облыстағы балабақшалардың шамамен 72,3%-ы мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс істейді.