Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛМЕК

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛМЕКАрал ауданы әкімі Абзал Мұхимовтың халықпен есептік кездесуі Сазды ауылдық округінен бастау алды. Кездесуде алдымен ауыл әкімі Әділхан Танымбетов пен жергілікті учаскелік полиция қызметкері Берік Бураевтың баяндамалары тыңдалды. 
541 тұрғынның құтты мекені болып отырған Сазды ауылы халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы болып табылады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан тағайындалған бағдарламалардың арқасында аталған ауылда мал шаруашылығымен айналысатын 84 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл халқы үшін маңызды әлеуметтік нысандармен толықтай қамтамасыз етілген. Есептік мерзімде ел арасында құқық бұзушылық, аса ауыр қылмыстық істер орын алмаған . Сондай-ақ аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы өз баяндамасында 2015 жылы аудан көлемінде атқарылған ауқымды шаралармен шалғай ауыл халқын хабардар етті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сауалдар жолданып нақты жауаптар алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: