Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері осы мақсатта ағымдағы 2015 жылдың 20-21 сәуір күндері қала аумағында орналасқан Қызылжарма ауылдық округінде, Белкөл және Тасбөгет кенттерінде «Өртке қауіпті маусымындағы өрттердің алдын алу» тақырыбында үгіт-насихат жиналысын өткізді.
Жиналыс елді-мекендердің әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға елді-мекен әкімдері, мектеп, бала-бақша және басқа да мекемелердің жауапты қызметкерлері, жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысты. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға қаладағы өрт ахуалы жайлы, өрттердің шығу себептері мен олардың салдары, өрттің алдын алу және де сақтық шаралары туралы кең көлемде түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, қызметкерлер елді-мекендерде «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында дауысзорайтқыш арқылы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға үнпарақтар таратты.