Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕСІМІ 17 ӘРІПТЕН ТҰРАТЫН ҚЫЗ БАР

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕСІМІ 17 ӘРІПТЕН ТҰРАТЫН ҚЫЗ БАРҚызылорда қаласында есімі 17 әріптен тұратын қыз тұрады. Оның азан шақырып қойылған есімі – Аққарагөзайымсұлу. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. 
Жалпы, біздің халқымызда мұндай есімді азаматтар сирек кездеседі. Қазақ ат қоюға өте маңыз беріп қараған. Біздің кейіпкеріміз өзінің есімі жайында «Атам мен әжемнің ұлдан көрген тұңғыш немересімін. Сондықтан маған есім беруге таласқан туыстарым көп болыпты. Біреуі Ақсұлу, біреуі Қарагөзайым, біреуі Аққарагөз деп  қойғысы келіпті. Содан атам мен әжем ақылдаса келе ешкімнің де көңілі қалмасын деп ұсынылған есімдердің бәрін біріктіріп қойғанды жөн санаған. Жалпы, көп адам атымның ұзақтығына таңғалып, құжат толтырғанда, болмаса қандай да бір қиындық тудыра ма деп сұрап жатады. Негізі, бәлендей қиындық тудырады деп айта алмаймын. Керісінше, өзгелерден ерекше осындай есімді иемденгеніме қуанамын. Көбіне қысқартып Қарагөз деп жатады. Мағынасына келер болсақ, айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Қыздың барлық көркемдігін паш етіп тұрған нағыз қазақи есім екенін мақтан тұтамын» дейді есімі ерекше Аққарагөзайымсұлу Амангелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: