Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Ұзындығы 31 метр": Елордалық аспаз хот-дог пісіруден рекорд жаңартты (видео) 

Елорда да Тұңғыш Президент күні ұзындығы 31 метр болатын хот-дог әзірленді. Аспаз Александр Плотников осылай әлемдік рекордты жаңартты деп хабарлайды Астана арнасы.
Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды. Александр Плотников алып асты дайындауға шмамен 22 келі ұн, 16 келі ет және 5 күн уақытын жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлегенін жеткізді. 
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты. Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр. 
"Басқа елдерде де орнатылған. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деп қарауға да болады", - дейді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: