Биылғы жылы кәсіпкерлік саласындағы бірқатар көрсеткіштерде оң динамикалық өсім байқалады.
Тіркелген кәсіпкерлік субъектілер санының өсу қарқынына сәйкес облыс республика бойынша - 1 орынға орналасты. Сондай-ақ, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер саны бойынша - 2 орында.
Ағымдағы жылдың 1 мамырында облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері7,7 пайызға ұлғайып, 55 498 бірлікті құрады. Ал жұмыс жасап тұрғандардың саны 7,5 пайызға артып, 49 434 бірлікке жетті.
Бөлшек сауда айналымы 94,2 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 100,1%-ға шықса, көтерме сауда айналымы 56,9 млрд. теңгеге жетіп, 102,5%-ды құрады. Жалпы соңғы бес жылдықта өңірде шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі 3,5 пайызға дейін ұлғайды.
Биылғы жылы бизнесті жеңілдікпен несиелендіру өз жалғасын тапты. Жыл басынан бері облыста банктермен шағын және орта бизнеске берілген кредиттер портфелі 11 млрд. теңгені құрады. Несиенің 52%-ы саудаға, 9,6%-ы көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы салаларына,3,3%-ы құрылысқа және2,5%-ы өнеркәсіпке, қалған 32,1%-ы өндірістік емес салаға бағытталды. Облыс Бағдарлама аясында жобаларды субсидиялау бойынша өңірлер арасында алғашқы бестік енген.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 2019 жылдан бастап жалпы 9,6 млрд. теңгеге119 жоба, оның ішінде биылғы жылы 300 млн. теңгеге 10 жоба қаржыландырылды.
Бұдан өзге, қаржы ұйымдары арқылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 120 адам 521 млн. теңге шағын несиемен қамтамасыз етілді. Ауыл кәсіпкерлерінің үлкен сұранысына ие болған "Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығының жұмысы биылғы жылы да жалғасуда. Орталықпен микрокредит беруге жалпы 800 млн. теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қарастырылған.