Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

№12, 15 бағыттар жаңа автобустармен толықты

Өткен жылы “Қызылорда” автобус паркіне” «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға тиісті қаражаттар бөлінген болатын. Соның аясында, өткен жылы 100 жаңа автобус маршруттық бағыттарда жұмыс жасап келеді. Қалған 50 автобустын алдыңғы легі 24-і қалаға жеткізілді.


Ертен, 13 ақпаннан бастап №12, №15 бағыт жолаушыларға үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар қызмет жасайтын болады. Әр бағытта 12 автобус жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.
Қазіргі таңда жаңа автобустарға мемлекеттік нөмерлер тағылып, сонғы тексерулер мен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік аталмыш бағыттар жолсызбаларына өзгерістер еңгізілмейді.
Осы айдың аяғында қалған 26 автобус келуі жоспарлануда. Олар өз кезегінде №16, №31 бағыттар бойынша қызмет жасайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: