Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ӨРЛЕУ БАР

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ӨРЛЕУ БАРЕл экономикасында болып жатқан қиындықтарға қарамастан, өткен жылы Арал ауданындағы бірде-бір кәсіпорында өнім өндіру көлемі азайған жоқ. 
Есепті мерзім ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары 6,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 114,3 пайызды құрады. Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде 469,3 млн теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы 84,3 мың текше метр табиғи құм қазылса, 343,1 мың тн тұз және таза натрий хлориді өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 20,7 пайызды құрап, ауданымыз облыс бойынша бірінші орынға шықты. Осы жерде айта кету керек, ауданда өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің басым бөлігі, яғни 68,5 пайызы өңдеу өнеркәсібінің өнімдеріне тиесілі болып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: