Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 7500-ДЕН АСТАМ ӨРЕН БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ


Биылғы оқу жылында Қызылордада оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды.
Айта кетейік, биыл 7500-ден аса өрен мектеп табалдырығын жаңадан аттайды деп күтілуде. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 3, 6, 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері толығымен жаңартылуда. Білім беру ұйымдарын оқулықпен толық қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы бөлініп, бүгінгі күні баспаналармен келісім-шарт жасалған. «Мектепке жол» акциясы аясында барлық мектептер бойынша 7000-нан аса оқушыға 120 млн. теңгеге қамқорлық көрсетіледі деп күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: