Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЖАРЫ АЙШЫҚТЫ АҚСУАТ


Қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті мекен. Осындай құт қонған қоныстың бірі – Қызылорда қаласының іргесінде орналасқан Ақсуат ауылдық округінің орталығы – Жақыпбек Маханбетов ауылына 90 жыл толды. Халқымызда «Қос тойың қабат болсын» деген ғибратты сөз бар. Айтқандай, биыл Қызылорда қаласының 200 жылдығымен қатар атап өтілген мерейтойдың тағылымдық мәні зор.
Аталмыш ауылдың іргесі 1928 жылы қаланған. 1993 жылдың ақпан айында халық депутаттары облыстық кеңесінің қаулысымен Сырдария ауданы Ақсуат ауылдық кеңесі болып аталды. Ал, бір жылдан соң елді мекенге Кеңес Одағының батыры Жақыпбек Маханбетовтің есімі берілді. 1997 жылы маусымында ауыл Қызылорда қаласына қарады.
Ауыл мерейтойына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Шаһар басшысы ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, мерекелік концертте ауылдың дамуына үлес қосқан сала мамандары, ардагерлер Қызылорда қаласының 200 жылдық төсбелгісімен марапатталды.
Ауыл халқы мерейлі мерекеде спорттық сайыстарға қатысып, мерейтой көркін қыздыра түсті. Мерекелік шара «Жыр-керуен» облыстық жыршы-термешілер фестивалімен жалғасты. Оған республика танымал Айдос Рахметов, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Қуаныш Алғазиев сынды бірнеше жырау қатысты. Олар талантты дәстүрлі әнші, жыршы-жыраулардың есімін елге таныттты. Сыр бойындағы белгілі Жиенбай, Нұртуған, Нартай мектебінің шығармашылығы қайта жаңғырды. Ұлттық өнерді ұлықтап, елмен қауыштырған салтанатты жиында тыңдармандар рухани тұрғыда байып, ұлттық өнермен сусындады.
Айта кетейік, Ақсуат ауылдық округінде еселі еңбегімен, игілікті ісімен халықтың жадында сақталып қалған, аяулы есімдер аз емес. Солардың бірі –
Сыр елінің даңқты перзенті, көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим Исаев.
Мерейлі мерекеде Ибрагим Исаевтың атына көше атауы берілді. Көшенің ашылу салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, ауыл халқын құттықтады.
– «Ауыл – қазақтың алтын бесігі» дейді. Биыл айбынды Астанамыздың 20 жылдығы, Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорданың 200 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді. Өңірдегі іргелі елді мекеннің бірі – Жақыпбек Маханбетов ауылының 90 жылдық мерекесін тойлаудамыз. Бүгінде бұл ауыл халқымыздың жайлы өміріне тірек бола алатын, түтіні түзу шығып, тұрмысы түзелген, бірлігі мен берекесі жарасқан мақтанып айтар елді мекенге айналуда. Ауыл қашанда дара таланттарды, өнердің биік шыңында бағындырған тұлғаларды, ел үшін қызмет етіп, маңдай терін төккен қайраткерлерді, ер жүрек батырларды түлеткен қасиетті мекен. Ауыл халқының осындай мақтанып айтар тұлғалардың бірі, елдің азаматына айналған көрнекті ақын Ибрагим Исаев. Ақын 1949 жылы осы ауылда дүниеге келді. Жастайынан зерек өскен азамат өз өмірін шығармашылық жолға арнады. Қазақтың жазушылар Одағында жауапты қызметте болды. Ол қандай қызметте жүрседе қолынан қалам түскен жоқ. Құрметті ауыл тұрғындары ақын ағамыздың атына берілген көше баршамызға құтты болсын, – деді қала әкімі.
Мерекелік шара соңы «Ауылым сұлу сырдың жағасында» атты мерекелік гала концертке ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: