Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аяз құрсауынан 26 адам құтқарылды

Аяз құрсауынан 26 адам құтқарылдыЖексенбінің таңында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай” автодәлізі бойындағы Ақжарма елдімекені тұсында Оңтүстік Қазақстан облысынан келе жатқан 26 адам аяз құрсауынан құтқарылды. 
Дизельді қос көліктің жағармайлары жарты жолда қатып қалып, жолаушыларға аяз құрсауында қалу қаупі төнді. Дер уақытында жеткен төтенше жағдайлар департаментінің жедел жасағы көрші аймақтың тұрғындарын құтқарып алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, көліктерін жолға салып жіберді. Разы көңілмен аттанған қонақтар ішінде зардап шеккендер жоқ. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: