Сексеуіл кентінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Шетін көзқарас – дінге жат» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Мұндағы мақсат – дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мерекбаев жүргізіп отырды. Семинар барысында дінтану ғылымдарының магистрі, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі – Т.Әбуов «Шетін көзқарас – дінге жат» тақырыбында және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы – Б.Убаев «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің таралу үрдістері және даму кезеңдері» атты тақырыптарда баяндамалар жасады.
Кездесуге жергілікті тұрғындар, қызметкерлер, жастар қатысты. Тақырып аясында жиналған қауым сұрақтар койып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.